Scroll to top
ru kz

Цифрлық эфирлік хабар тарату үшін сатып алынатын тауарлар бойынша қосалқы бөлшектердің техникалық ерекшеліктеріне Түсіндірмелер

1. «Қазтелерадио» АҚ Мемлекеттік сатып алу жоспарына сай САМ модульдерді сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелікке түсіндірме

«Қазсат-3» үш транспондерінен бағдарламаларды қабылдауды қамтамасыз ету және ҚКЖ штаттық схемасын Smit Irdeto Pro 12 САМ модульдері бар жерсеріктік қабылдау жабдықтарына резервтеу мақсатында «Ұлттық цифрлық телерадио хабарларын тарату» жобасына сай «10 РТС-қа 1 жиынтыққа» сәйкес Smit Irdeto Pro 12 САМ модульдерімен толық жарақтандыруды қамтамасыз ету талап етіледі.

Жобаны іске асыру «Қазтелерадио» АҚ филиалдарының техникалық персоналына автоматты режимде негізгі жерсеріктік қабылдағыштарды резервтеуді өз бетінше жүргізуге мүмкіндік береді, бұл ретте АПҚ қызметкерлерінің резервтегі жерсеріктік қабылдағыштарға САМ модульдерді қайта орнату үшін РТС-ға шығуын үнемдейді.

Smit Irdeto Pro 12 САМ модульдері негізгі және резервтік РТС есептелген (1+1). 

Сатып алуға арналған техникалық ерекшелікте САМ модульдердің жалпы саны 300 дана. Бұл сан тек ақаулы САМ модульдерді ауыстыруға және резервтік қабылдау жабдықтарының толық жиынтықталуын ескере отырып, есептелген.

2. «Қазтелерадио» АҚ Мемлекеттік сатып алу жоспарына сайсаны 24-ке дейінгі FM радио бағдарламасына мультитюнер сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелікке түсіндірме

Саны 24-ке дейінгі FM радио бағдарламасынамультитюнер сатып алуды іске асыру Көктөбе РТС-да саны 24-ке дейінгі FM радио бағдарламасына (24 бағдарламаға дейін кеңейту мүмкіндігі барқолданыстағы 19 FM радио бағдарламасы) үздіксіз мониторингтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: олардың болуы, сигнал сапасы, қателерді логтеу және Zabbix мониторинг жүйесіне FM радио бағдарламаларындағы оқиғалар туралы хабарламалар жіберу. Сондай-ақ, сигнал жоғалған кезде жедел әрекет етуге және апатқа жол бермеу үшін FM сигналын резервтеуге мүмкіндік береді.

Радиокомпаниялармен даулы мәселелер туындаған жағдайда мультитюнерден алынған деректер негізінде Көктөбе РТС FM хабар тарату жабдығында болған аварияларды талдауға болады. Мұндай мәселелер бірнеше рет туындаған және FM радионы үздіксіз мониторингтеу болмағандықтан, Филиал радиокомпаниялардың шағымдарын дәлелді түрде растай алмайды немесе оларға қарсылық білдіре алмайды.

Сигнал параметрлерін өлшеу мүмкіндігі бар құрылғы Р МЕМСТ 51107-97 бойынша стереофондық хабар таратудың кешенді сигналын (СКС) көпарналы қабылдауға арналған. Құрылғы Ethernet желісіне қабылдауды және стримингтеуді қолдайды. Арналар саны құрылғының орындалу нұсқасымен анықталады: 4/8/12 немесе 16 арна. Бұл жобада әрқайсысында 12 бағдарламаны, барлығы 24 бағдарламаны қабылдау мүмкіндігі бар екі құрылғыны пайдалану қарастырылады. Қабылданған сигналдардың параметрлері web-интерфейс арқылы қолжетімді мониторингтеу панелінде көрсетіледі.

3. «Қазтелерадио» АҚ Мемлекеттік сатып алу жоспарына сай DEV-1984 тарату матрицаларын сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелікке түсіндірме

8х24 конфигурациялы 16 дана Blancom OIS 500 моделінің қолданыстағы тарату матрицалары 2011-2012 жж. бастап республикалық маңызы бар барлық облыстық РТС-тарда ЦТВ 1 кезеңінің жобасы бойынша жұмыс істеп тұр.

Blancom жабдығын өндіруші қаржылық қызметін тоқтатуына байланысты, Қоғам аталған жерсеріктік жабдықтарға техникалық қолдау көрсетуді қарастырған жоқ.

Жабдықтың істен шығуына жүргізілген талдау нәтижесінде, сондай-ақ, жабдықты пайдалану қызметінің мерзімі аяқталуына және ҚКЖ құрамында резервтік жабдықтың болмауына байланысты, «Өндірісті ағымдағы техникалық жарақтандыру үшін негізгі құралдарды сатып алу» жобасын іске асыру бойынша ЦЭТВ жабдықтарының ҚКЖ құрамында саны 4 дана DEV1984 тарату матрицаларын сатып алу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда ҚКЖ құрамынан жабдықты ауыстыруға және жабдық істен шыққан жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқ, өйткені OIS 500 жабдығын өндіруші қаржылық қызметін тоқтатқан. Осыған байланысты Қоғам DEV өндірушісінің жабдықтарын сатып алуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл өндіруші жабдықтың сапасын, электрлік, сондай-ақ, оптикалық сигналдармен де жұмысты кеңейтуін және ЦТВ желісін біріздендіруін ескере отырып, таңдалды.

Бұдан басқа, 2020 жылы Павлодар (8 кірістің 4-еуі бұзылды) және Қостанай РТС-тарында (8 кірістің 3-еуі бұзылды) қолданыстағы OIS500 тарату матрицаларының істен шығуы тіркелді. Павлодар РТС мен Қостанай РТС-нда OIS500 тарату матрицаларының жұмысқа қабілетті қалған кірістері істен шыға қалса, цифрлық эфирлік телехабар таратудың болмай қалу, яғни облыстық және республикалық маңызы бар мультиплекстің барлық бағдарламаларында (15-тен астам бағдарлама) «авария» болу қаупі бар. Бұдан басқа, 705 169 адамнан тұратын халықтың, оның ішінде Қостанай РТС-нан 273 341 адам және Павлодар РТС-нан 431 828 адам цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтамасыз етілмей қалу, ТРК алдындағы шарттық міндеттемелерді орындамау және ЦЭТВ хабар тарату сапасы бойынша Қоғам беделіне нұқсан келу қатері бар.

DEV1984 тарату матрицасы жабдық жиынтығын толықтыру үшін қажет және қазіргі General Dinamic антенна жүйесімен және Harmonic Proview 7100 цифрлық қабылдау жабдықтарымен үйлесімді болуы тиіс.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *