Scroll to top
ru kz

OTAU TV-де жаңа телеарна іске қосылды

«OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телевизиясы желісінде «Қоғам ТВ»ақпараттық-сараптамалық арнасы хабар тарата бастады. Әр жұмыс күні «Шарайна» бағдарламасы эфирге шығады. Аптасына екі рет мемлекеттік құрылымдардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен «Мезгіл мәселесі» тікелей эфир жүргізеді, онда әрбір азамат телефон соғып, сауал қойып, жауап ала алады. Тікелей эфирде пікірталас пен шоу ұйымдастырылып, Қызылорда қаласының белсенді өмірі, танымдық бағдарламалар көрсетіледі. Биылғы жылдың 2 наурызында «Қазтелерадио» АҚ мамандары «Қоғам ТВ» телеарнасын «OTAU TV» жерсеріктік желісіне қосу жұмыстарын жүргізді.

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған