Scroll to top
ru kz

Данияр Утешев «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директоры болып тағайындалды.

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен Данияр Утешев Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директоры лауазымына тағайындалды.

Данияр Болатұлы Утешев 1978 жылы 31 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Әр жылдары менеджмент, маркетинг және консалтинг саласында жұмыс істеді. 2006 жылы «Астана қаласының телевизиясы» ЖШС Алматы филиалын басқарды. «NS радио Ұлттық желі» ТРК» ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді, кейіннен Бас директоры болып тағайындалды. 2017 жылы «Қазақпарат» ХАА» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болды. 2020 жылы Басқарма төрағасының орынбасары ретінде «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқармасының құрамына кірді.

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған