Құрметті қазақстандықтар!
«Қазтелерадио» АҚ Сіздерді ұлық мереке – Республика күнімен құттықтайды! Бүгінгі күні еліміз сіздердің еңбектеріңіз бен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіңіздің арқасында болашаққа батыл қарайды!
Бұл мереке – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен татулығының белгісі. Қонақжай Қазақстанымызға өркендеу, әлемге танылу және толағай табыстар тілейміз! Әр үйде бақыт, береке және жайлылық орнасын!