Scroll to top
ru kz

Кайсар Раздыков «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Аймақтық директоры болып тағайындалды

Раздыков Кайсар Шерканович 1984 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бурное ауылында дүниеге келген. 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша және Алматы менеджмент университетін «Іскерлік басқару» (магистр) мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы бастады. Осы жылдар ішінде «АЛТЕЛ» АҚ, «2Day Telecom» ЖШС, «Қазақстан РТРК» АҚ сияқты компанияларда басшылық қызметтерді атқарған. Бұған дейін «Қазтелерадио» АҚ «Алматы Облыстық Радио және Телехабар тарату Дирекциясы» филиалының директоры қызметін атқарған.

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған