Scroll to top
ru kz

Ұжымдағы салауатты орта – табысты жұмыстың кепілі!

         Кез-келген механизмнің жұмысының сәттілігі оның элементтерінің өзара үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты екені белгілі. Осы ереже ұжымның жұмысына да қатысты, ұжымда мақсаттары ортақ, басымдықтары мен ұмтылыстары да бірыңғай бір команда болуы керек.

         «Қазтелерадио» АҚ міндеттерінің бірі – әрбір қызметкері өзінің сөзінің жерде қалмайтынын білетін, өзінің маңыздылығын сезінетін ұйымшыл ұжым құру. Сондықтан, 21-22 маусымда Қоғам басшылығы техникалық, коммерциялық, аймақтық, қаржы және әкімшілік блоктардың қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

         Басқарма төрағасының м.а. Қайсар Шерханұлы Раздыков атап өткендей, жұмыста өзара қоян-қолтық іс-қимыл жасау кез келген компанияның тиімділігінің кілті болып табылады, өйткені түсінбеушіліктің қателіктерге ұрындыратын кезі көп.

         Өткен жиналыстарда әрбір қызметкер жұмыс процестері бойынша өз пікірін білдіруге, ұжымдық жағдайды жақсарту туралы ұсыныстар беруге және, әрине, компанияда жұмыс істеудің оңтайлы жағдайларын жасау үшін өз тілектерін ортаға салуға мүмкіндік алды. Барлық айтылған тілектер мен ұсыныстарды басшылық мұқият тыңдады, қаперге алды және жұмысқа қабылдады.

         Адалдық, батылдық, еңбекқорлық және өзара көмек компанияны үлкен жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз!

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған