Scroll to top
ru kz

Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күніне орай Құрмет грамоталарымен және медальдармен марапаттау рәсімі өтті

1 шілдеде 28 маусымда атап өтілетін бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Құрмет грамоталарымен» және «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау рәсімі өтті.

«Қазтелерадио» АҚ орталық аппаратынан марапатталғандар тізімі:

1. Салтанат Утеулиевна Балмуканова

2. Роман Петрович Арестов

3. Кулжамыт Джукишовна Берикова

          Салтанатты жиналысқа бейнеконференцбайланыс арқылы марапатқа ие болған «Қазтелерадио» АҚ филиалдарының директорлары мен жұмыскерлері де қатысты:

1. Акылгазы Кавдиевич Жаксылыков

2. Ерсайн Басшиевич Абилгереев

3. Елизавета Муфтеновна Бисембиева

4. Сабитжан Тулегенович Бохманов

5. Алексей  Юрьевич Кабаев

2023 жылы 26 маусым күні Қоғамның орталық аппаратында мемлекеттік тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Ақпарат заманы» тақырыбында дәстүрлі викторина өтті. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілді қолдау, дамыту және оның кең таралуына ықпал ету, сондай-ақ, жұмыскерлердің ақпарат саласы туралы ой-өрісін кеңейту. Викторина шарттары бойынша Lotus Notes жүйесі арқылы қазақ тілінде 15 сұрақ жіберілді. Сұрақтар тікелей ақпарат саласымен байланысты таңдалған.  

Түскен жауаптарды қорытындылай келе, үздіктер үштігіне мына жұмыскерлер кірді:

1 орын – ЭТРХТ пайдалану қызметінің жетекші инженері Мейірхан Ахан (14 дұрыс жауап).

2 орынАктивтерді басқару қызметінің жетекші инженері Мурат Толеубаев (12 дұрыс жауап).

3 орын – Телерадиокомпаниялармен өзара іс-қимыл қызметінің 1 санатты маманы Раушан Минеева (12 дұрыс жауап).

Викторина жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар дайындалып, оларды Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Шерханұлы Раздыков салтанатты түрде табыс етті.

Сапалы атқарған жұмыстарыңыз үшін, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз бен ерекше еңбекқор қасиеттеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз! Еңбекке адалдықтарыңыз бен қажырлы қызметтеріңіз, шығармашылықтарыңыз  бен оң нәтижелеріңіз үшін рахмет! Алған беттен қайтпай, абырой биігінен көріне беріңіздер!

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған