2023 жылғы 4 шілдеде «Көктөбе» радиотелевизиялық станциясына найзағай түсуіне қатысты соңғы жаналықтарға байланысты телевизиялық мұнараға зақым келмегенін, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Ешқандай техникалық ақаулар тіркелген жоқ. Телерадио хабарларын тарату еш кедергісіз, іркіліссіз жүзеге асырылып жатыр.