2023 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы Рахымжан Ержанұлы Исақұлов «Қазтелерадио» АҚ ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Рахымжан Ержанұлы ұжымға «Қазтелерадио» АҚ жоғары басшылығының бекітілген құрамын ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығымен «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Қайсар Шерқанұлы Раздыков тағайындалды.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Өңірлік директор, Басқарма мүшесі лауазымына Бейбітжан Чипатайұлы Тұяқпаев тағайындалды.
Басқарма төрағасының орынбасары – Техникалық директор, Басқарма мүшесі лауазымына Бахтияр Асенұлы Ошурбаев тағайындалды.