Scroll to top
ru kz

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында аналогты телехабар тарату тоқтатылды

2023 жылғы 01 желтоқсанда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 21 елді мекенінде аналогты таратқыштар өшірілді. Өңірлерде цифрлық эфирлік телевизияның 6 радиотелевизиялық станциясы салынып, жаңғыртылды, бұл Борлы, Қараауыл, Кеңгірбай би, Қорық, Мәдениет, Бидайық, Қосағаш, Байқошқар, Баршатас, Сатай, Көктал, Егіндібұлақ, Лесное, Аршалы, Үшбиік, Қарақойтас, Урунхайка, 15 және 16 разъезд елді мекендерін, сондай-ақ, Курчатов және Серебрянск қалаларын қамтуға мүмкіндік береді.

Цифрлық эфирлік телевизияның аналогты телевизиядан айырмашылығы жоғары сапалы кескін мен дыбыс береді. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге ешқандай артық шуы жоқ, бұрмаланбаған, бастапқы түрінде жеткізіледі.

Аналогты телехабар таратудың өшірілуіне байланысты «Қазтелерадио» АҚ облыстардың тұрғындарына цифрлық форматқа көшуді ұсынады. Сұрақтарыңыз болса, мына телефондарға хабарласуға болады: Call Center – 193, 8727-2581500, 88000800193

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған