Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен қуат-күшінің белгісі болып саналады. Тәуелсіздік алғалы бері халқымыз өркендеу жолына түсті, заңның үстемдік құруына қажетті қағидаттарды барлық адамға тең мүмкіндіктер жасаумен және әділдікпен негіздеді. Тәуелсіздік жылдарында біз өзімізді бүкіл әлемге таныттық әрі дамудың мықты серпініне қол жеткіздік.
Осы айтулы күні бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, амандық және баянды бақыт тілейміз! Әр үйде береке-бірлік болсын, сыйластық пен бейбітшілік төрден орын алсын.
Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан өркендей берсін!