Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Соған байланысты, Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телехабар тарату желісінің ақылы топтамасындағы ойын-сауық телеарналар хабар таратуын тоқтатады. Атап айтқанда, «Музыка Первого», «ТелеКафе», «Paramount Comedy», «VIP Comedy HD», «MTV» и «СТС 1» арналары көрсетілмейді.
«Қазтелерадио» АҚ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.